Парсы шығанағы жағалауында Сақшылар корпусының зымырандар базасы ашылды
Ислам революциясы Сақшылар корпусы қолбасшысының қатысуымен Парсы шығанағы жағалауында Сақшылар корпусы Теңіз күштерінің тағы бір стратегиялық зымырандар базасының ашылу рәсімі өтті.
Генерал-майор Салами жұма күні таңертең осы базаның ашылу рәсімінде: «Елдің аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігі және Ислам революциясының жетістіктерін қорғаудағы басты қисын – мықты болу»,-деді.
Сақшылар корпусының қолбасшысы: «Дұшпандар біздің қисынымыздың дұрыстығын қабылдамайды, бірақ өздері күш-қуат қисынына арқа сүйеуде. Сондықтан үстемшілдер тарапынан таңылатын жоспарлардың алдын алу үшін бізде тежегіш, қорғаныс және шабуылдаушы күштерді нығайтқаннан басқа амал жоқ»,-деді.
Генерал-майор Салами: «Бұл база – Сақшылар корпусы Теңіз күштерінің стратегиялық зымырандарын сақтайтын нысандардың бірі. Онда зымырандар мен зымыран атқыштардың ұзын легі орналасқан»,-деді.
Ислам революциясы Сақшылар корпусының қолбасшысы: «Бұл зымырандар жүздеген шақырым қашықтыққа ұшып, нысанаға дөп тиіп, жойқын жою қуатына ие. Сондай-ақ, дұшпандардың электронды соғыс құралдарына ұстатпай кете алады»,-деді.