Иранның үштік билігі басшылары бюджеттің мұнайға тәуелділігін төмендетуді және адамдардың тіршілігін қолдауды қуаттады
Иранның үштік билігі басшылары бюджеттің мұнайға тәуелділігін төмендету және адамдардың тіршілігін қолдау қажеттілігін қуаттады.
Үштік билік басшыларының кездесуінің соңында ИИР Президенті Хасан Рухани денсаулық, күнделікті тұрмыс, санкцияларды әсерсіз еті және оларды алып тастау мәселелерін кездесудің негігі тақырыптары ретінде атап: «Үкімет COVAX-ке вакцинаға тапсырыс беріп, оған ақша төледі және сатып алынған вакцинаның миллиондаған дозасы көпшілікке қол жетімді болады»,- деді.
Иранның Жоғары сот жүйесінің басшысы Сейед Ибрахим Раиси де үштік билік басшыларының кездесуіне ризалығын білдіріп: «Санкцияларды бейтараптандыру мәселесі қарастырылып, басшылар мен кәсіпкерлер талпынып, жұмыс істеп, қолдау көрсетулері керек»,- деп мәлімдеді. Заң шығару билігінің басшысы Мұхаммад Қалибаф: «Алдағы 1400 жылдың бюджетінде мұнайға тәуелділікті төмендету қаарстырылды»,- деді.