Хатибзаде Помпеоға: Ашуланыңыз және осы ашудан өле қалыңыз
Қаң 13, 2021 18:11 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысының дүйсенбідегі твиттерін Мемлекеттік департаментіндегі міндетінің соңындағы истерикалық ашуы мен саясатының сәтсіздікке ұшырауынан туындаған деп тауып, оған: «Ашуланыңыз және осы ашудан өле қалыңыз»,- деді.
Fars News агенттігінің хабарлауынша, Саид Хатибзаде сейсенбі күніМайк Помпеоның твиттеріне реакция білдіріп, оларды Мемлекеттік департаментіндегі міндетінің соңындағы истерикалық ашуы мен саясатының сәтсіздікке ұшырауының белгісі деп атады.
Помпео өз твиттерінде Иранды сынап: «Иранда АҚШ-пен қарым-қатынасты қалыпқа келтіргісі келетін ұстамды адамды табу өте қиын»,- деп жазды.
Тегтер