Рухани: Трамп үкіметінің аяқталуы зорлық-зомбылықтың жақсылық әкелмейтінін көрсетті
(last modified Wed, 13 Jan 2021 13:09:19 GMT )
Қаң 13, 2021 19:09 Asia/Almaty

ИИР Президенті: «АҚШ-тағы Дональд Трамп бидігінің ұят пен жанжалмен аяқталуы бұзақылық, нәсілшілдік және заң бұзушылықтың жақсы аяқталмайтынын көрсетті»,- деді.

 

 

Хасан Рухани сәрсенбі күні үкімет отырысында АҚШ-тағы Трамп үкіметінің аяқталуы оқиғасымен тұспа-тұс Иранның шахының қашқан күнің (1979 жылдың 16 қаңтары) еске алып: «Иранның марқұм шахының қашуы Ирандағы шетелдік озбырлық пен отарлаудың аяқталуының белгісі болды және бүгінде әлем АҚШ-тағы  диктатордың құлауының куәсі болып отыр»,-  деп мәлімдеді.  Рухани соңғы үш жылда Иранның сабырлы халқының АҚШ-тың террористік үкіметіне қарсылық көрсеткеніне тоқталып: «Бұл күндер тек бір үкіметтің аяқталуы емес, Иран халқына қарсы «мейілінше қысым жасау» саясаттың сәтсіздікке ұшырауы»,- деп қуаттады.