Пәкістан армиясының жауынгерлік флотилиясы Бандар-Аббас айлағын жағалады
Сәу 16, 2016 21:32 Asia/Almaty
Пәкістан армиясының флотилиясы Иран Ислам Республикасы армиясы теңіз күшінің бірінші аймағы Бандар-Аббасты жағалады.
Пәкістанның «Носрат» кемесі мен «Раһнавард» соғыс кемесінің офицерлері мен персоналы Бандар-Аббас айлағын жағалаған соң Иран армиясы теңіз күшінің әлеуеті мен білім орталықтарын аралауды жоспарлап отыр. Пәкістандық флотилия Иран жағалауларында төрт күн тоқтайды. Соңғы күні ирандық қайықтар бөлімшелерімен бірлескен теңіз жаттығуы өткізіледі.
Тегтер