Генерал-майор Бақери: Иранның Қарулы күштері толық дайын
(last modified Sat, 16 Jan 2021 13:10:09 GMT )
Қаң 16, 2021 19:10 Asia/Almaty

Иранның Қарулы күштері бас штабының қолбасшысы: «Иранның «Ұлық Пайғамбар (с.ғ.с.) - 15» жаттығуындағы қорғаныс құдыретінің көрсетілуі елдің Қарулы күштерінің барлық яғни құрлық, әуе, теңіз, әуе-қорғаныс және зымырандық салаларда толық дайындығының белгісі»,- деді.

 

Иранның Қарулы күштері бас штабының қолбасшысы генерал-майор Бақери Сақшылар корпусының «Ұлық Пайғамбар (с.ғ.с.) - 15» жаттығуының соңғы кезеңінде: «Өткен 15 күнде өткен және алдағы 5 күнде жалғасатын жаттығулар Қарулы күштерінің құрлық, әуе, теңіз, әуе-қорғаныс және зымырандық салаларда толық дайындығын көрсетеді. Біздің ешқандай шабуыл жасағымыз келмейді,  бірақ егер қандай-да бір жау біздің елге шабуыл жасайтын болса, оған бар күшімізбен және қысқа мерзімде жауабын қайтарамыз»,- деп мәлімдеді.

 

Тегтер