Иранның Атом қуаты ұйымы үш еуропалық елдің мәлімдемесіне жауап берді
(last modified Sun, 17 Jan 2021 11:17:05 GMT )
Қаң 17, 2021 17:17 Asia/Almaty
  • Иранның Атом қуаты ұйымы үш еуропалық елдің мәлімдемесіне жауап берді

Иранның Атом қуаты ұйымы үш еуропалық елдің мәлімдемесіне жауап беріп: «Санкцияларды жоюға және Иран халқының құқықтарын қорғауға қатысты стратегиялық шаралар» заңында айтылған уран өндіру зауыты тақырыбы Теһранның зерттеу реакторында пайдаланылатын дамыған (кремний) отын өндіру мәселесінен мүлде бөлек»,-деді.

Иран Атом қуаты ұйымының сенбі күнгі мәлімдемесінде: «Бұл ұйым әлі АҚХА-не халықаралық атом қуаты заңының 4-бабында айтылған уран өндіру зауытының жобасына қатысты сауалнама мағлұматын бермеді. Әрине тиісті дайындық жасалған соң, керек кезде заңда белгіленген мерзімде бұл іс атқарылатын болады»,-делінген.

Иран Атом қуаты ұйымы: «АҚХА-нің соңғы есебінде айтылғандай, дамыған отын өндіру бағдарламасы алғаш рет екі жылдан аса уақыт бұрын агенттікке ұсынылды. Осы аралықта бірнеше кезеңде қосымша ақпарат пен жоба туралы сауалнама мағлұматы агенттікке жіберілді»,-деді.

Тегтер