Зариф: Трамп үкіметінің шешімдері Иранның ерік-жігеріне әсер етпейді
Иран Сыртқы істер министрі Ислам республикасының шиеленісті күшейту мен соғыс бастауды көздемейтінін және Трамптың билік басынан кетіп бара жатқан жағдайдағы әрекеттерінің Иран халқының ерік-жігеріне әсерін тигізбейтінін қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні сардар Солйеманидің террорына қатыстыларды анқытау саласындағы дипломатиялық органның іс-қимылы туралы: «Сыртқы істер министрлігі халықаралық және екіжақты деңгейде Иранда және Иракта құқық жұмыстарын жүргізді»,- деді. Зариф сондай-ақ Трамптың билігінің соңғы күндеріндегі Иранға қарсы әрекеттеріне реакция білдіріп: «Кімде-кім Иранға шауыл жасағысы келсе, бұрынғы шабуылдардың нәтижелерін еске алғандары жөн. Трамп үкіметінің қалған бір-екі күнінде біздің тежеуіміз жақсы амал етеді деп ойлаймын»,- деп сөзін жалғады.