Иран армиясы құрлық күштерінің «Эқтедар-99» жаттығуы басталды
(last modified Tue, 19 Jan 2021 12:09:20 GMT )
Қаң 19, 2021 18:09 Asia/Almaty

Иран армиясы құрлық күштерінің «Эқтедар-99» жаттығуы сейсенбі күні десанттық бригадалар, арнайы жасақ, жедел әрекет ету және әуе күштерінің қатысуымен Макран жағалауында басталды.

Бұл оқу-жаттығудың мақсаты ИИР армиясы құрлық күштері бөлімшелерінің қауіп-қатерлерге қарсы жауынгерлік дайындығын бағалау және бөлімшелерді аумақтық аудандардан әрекеттену аймағына ауыстыру алдын ала дайындалған жобаларды іске асыру. Жаттығу кезінде армияның құрлық күштері кәсіби бригадаларының шеберліктерін бағалау үшін әртүрлі жергілікті тактика қолданылады.

Тегтер