Рухани Иранда коронавирустың өршуіне жол бермеу үшін бақылауды күшейтілуін қуаттады
(last modified Sat, 23 Jan 2021 12:07:03 GMT )
Қаң 23, 2021 18:07 Asia/Almaty

ИИР Иранда коронавирустың өршуіне жол бермеу үшін бақылаудын күшейтілу қажеттілігін қуаттады.

Хасан Рухани сенбі күні коронавирусқа қарсы күресу ұлттық штабының отырысында баршаның талпынысы және санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау саласындағы ынтымақтастығының нәтижесінде өлген адамдардың санының төмендеуін Иран халқы мен үкіметінің коронавируспен күресу саласындағы жеңісі деп тапты. Рухани жергілікті және шетелдік вакциналармен қамтамасыз ету саласында жақсы жұмыс жүргізілгеніне тоқталып: «Жақында жергілікті «Баракат», «Рази» және «Пастор» вакциналар шығады. Шетелдік вакцинаға келер болсақ, біз COVAX квотасынан басқа, оны басқа жерлерден де алуға талпынудамыз. Елдегі вакцинацияны ағымдағы айда бастауға бүкіл талпыныс жасалуда»,- деді.