Қаң 24, 2021 20:37 Asia/Almaty
  • Жақында Иранда коронавирусқа қарсы вакцинация басталады

Иранның Денсаулық сақтау министрі: "Жақында Иранда коронавирусқа қарсы вакцинация басталады",-деді.

Саид Намаки жексенбі күні коронавирусқа қарсы ирандық вакцина дайындау үшін жасалған талпыныстарға тоқталып: "Елге вакцина импорттау жуырда басталады. Шетелден вакцина әкелінгеннен кейін қатерге ұшыраған аса сезімтал топтарға екпе сала бастаймыз",-деді.

Сондай-ақ,  Хазірет Имамның (р.) бұйрықтарын орындау штабының баспасөз қызметінің басшысы Ходжатулла Ники Малеки: "Ирандық вакцина салынған 21 еріктінің денсаулық жағдайын тексергеннен кейін тағы 14 еріктіге екпе салуға рұқсат берілді",-деді.

Ирандық ғалымдар жасаған "Coviran Barakat|" атты алғашқы вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу үшін ерікті адамдарға егудің бірінші кезеңі 2020 жылы 29 желтоқсанда басталды.

Тегтер