Зангане: Дұшпандар Иран мұнайының сатылымын тоқтата алмады
https://itolqyn.com/news/iran-i49928
Иран Мұнай министрі: «Дұшпандар Иран мұнайы экспортын нөлге жеткізе алмады»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 25, 2021 22:16 Asia/Almaty
  • Зангане: Дұшпандар Иран мұнайының сатылымын тоқтата алмады

Иран Мұнай министрі: «Дұшпандар Иран мұнайы экспортын нөлге жеткізе алмады»,-деді.

Бижан Намдар Зангане жексенбі күні Йеменнің Al-Masirah арнасына берген сұхбатында: «Теһран мұнай саласына қажетті тұрақты жабдықтардың 80 пайызын ел ішінде жасайды. Алайда қайта өңделетін жабдықтардың пайызы бұдан азырақ»,-деді.  

Зангане: «Иран іргелі ғылымға негізделген компанияларға сүйеніп, алдағы екі жылда газ турбинасы мен мұнай сорғысының моторларын жасауда өзін-өзі қамтамасыз ететін дәрежеге жетеді»,-деді.