Ислам революциясының жетекшісі имам Хомейни (ғ.) кесенесі мен шәһидтер зиратына барды
(last modified Sun, 31 Jan 2021 07:09:03 GMT )
Қаң 31, 2021 13:09 Asia/Almaty

«Фаджр» онкүндігінің басталуымен бір мезгілде және Ислам революциясының жеңісіне 42 жыл толу қарсаңында хазірет аятолла Хаменеи бүгін, жексенбі күні таңертең Ислам революциясының негізін қалаушының кесенесіне барып, Құран аяттары мен намаз оқып, Иран халқының ұлы имамын еске алды.

Ислам революциясының жетекшісі жоғары лауазымды шәһидтер Бехешти, Раджаи, Бахонар мен 1360 жылғы 7 тир оқиғасы құрбандарының зиратына барып, Алладан о дүниеде олардың дәрежелерінің өсуін сұрады.

Содан кейін хазірет аятолла Хаменеи шаһидтер гүлзарына барып, Иран мен исламды қорғағандардың аруақтарына дұға бағыштады.

Бүгін, жексенбі 1399 жылы 12 бахман,  сәйкесінше 2021 жылы 31 қаңтар Иранда  Ислам революциясының жеңісіне орай  «Фаджр» онкүндігі басталды.

 

Тегтер