Иранда коронавирусқа шалдыққандардың жағдайы
https://itolqyn.com/news/iran-i50084
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі 1 млн 210 мыңнан аса адамның коронавирустан сауығып шыққанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 31, 2021 21:41 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирусқа шалдыққандардың жағдайы

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі 1 млн 210 мыңнан аса адамның коронавирустан сауығып шыққанын хабарлады.

Сима Садат Лари жексенбі күні: "Өткен 24 сағатта елде 6268 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 499-ы ауруханаға жатқызылды. Қалғандарына амбулаторлық қызмет көрсетілді",-деді.

Лари: "Өкінішке қарай, өткен 24 сағатта елде 70 адам COVID-19-дан көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 57959 адамға жетті",-деді.

Лари: "Қуанышымызға орай, 1 210 051 адам індеттен жазылып, ауруханалардан шығарылды",-деді.