Ислам революциясы 42 жыл бойы қысымдарға төтеп беріп, қиын күндерден өтті
Иранның ұлы халқы 42 жыл бұрын жарқын болашаққа үмітпен, мықты ерік-жігермен ешбір алпауыт елге иек артпастан, тағдыр шешуші күндерді артта қалдырып, Ислам революциясын жеңіске жеткізді.
1357 жылы 12-22 бахман аралығында Иранда Ислам революциясы жеңіске жетіп, өзгерістер орын алып, озбыр шах режимі құлады.
Осы тағдыр айқындаған 10 күн шах режимі мен оның демеушілерінің жоспарын бұзды. 12 бахманда имам Хомейнидің Иранға оралуының алдын алу жоспары жеңіліс тапқан соң патшалық кеңес ыдырап, имам Хомейни тарапынан уақытша үкімет құрылып, ел экономикасының маңызды салалары, соның ішінде мұнай өнеркәсібі жұмысшылары халықтың революциялық қозғалысына тілеулестік білдіріп, әскери үкіметтің ережелері имамның бұйрықтары және халықтың көшеге шығуымен әсерсіз қалып, 19 бахманда көптеген адамдардың имамға адалдық жариялауы Ислам революциясының жеңіске жетуіне алып келген оқиғалардың қатарына жатады.
ИИР негізін қалаушы хазірет имам Хомейнидің (р.) 12 бахманда Бехешт-е Захрада (с.) сөйлеген сөзі шын мәнінде революцияның жолдауы болды. Имамның сөзінде айтылған халықтың өз еркімен өз тағдырын анықтау қажеттігі, сайлаудың маңыздылығы, елдің барлық салада тәуелсіз болуы революцияның негіздерін бекіткен принциптердің бірі болды.
Революцияның жеңісі шын мәнінде бір ұлы халықтың өз тәуелсіздігі мен абырой-айбынын қайтарып алу және алпауыт елдердің үстемдігінен босап шығуға деген ерік-жігерінің арқасында орын алды.
АҚШ шын мәнінде Иранда Ислам революциясы принциптерінің сақталуына ашулы. Ол АҚШ-тың үстемдігін түйткілге ұшыратып, жапа шеккен халықтардың оянуы мен өзгеруіне түрткі болды.
АҚШ ИИР құрылған алғашқы күндерден бастап шын мәнінде бір стратегиялық мақсат ретінде Иран үкіметін құлатуды күн тәртібіне қойды. Үстемшіл күштер Иран халқын тізе бүктіру жолындағы маңызды түйткілі халықтың саяси сахнаға қатысуы екенін жақсы біледі. АҚШ осы жылдарда халыққа ауқымды санкция салып, барынша қысым жасауға тырысты. АҚШ өткен 42 жыл ішінде экономикалық қысым жасауды бір сәтке де қоймады.