Ақп 01, 2021 15:43 Asia/Almaty
  • Иран үкіметі имам Хомейнидің (р.) армандарына адалдығын қайта растады

Иран Президенті мен Министрлер кабинетінің мүшелері Ислам революциясының жеңісіне 42 жыл толу қарсаңында имам Хомейнидің (р.) кесенесіне барып, Ислам революциясының негізін қалаушы мен шәһидтердің армандарына адалдығын қайта растады.

Иран Президенті Хасан Рухани осы рәсім аясында Иранда коронавирустың таралуы салдарынан туындаған қиыншылықтар мен санкцияларға тоқталып: «Иран үкіметі халықтың қолдауы арқасында індетпен күресті бақылауда санкциялардың әсерін жойды»,-деді.  

 

Тегтер