Иранның жерсерігін тасымалдаушы «Зулдженаһ» ғарышқа сәтті ұшырылды.
(last modified Tue, 02 Feb 2021 10:02:17 GMT )
Ақп 02, 2021 16:02 Asia/Almaty

ИИР-ның «Зулдженаһ» деп аталатын жаңа жерсерігі ғарышқа ұшырылды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, ИИР Қорғаныс министрлігінің ғарыш тобының ақпарат өкілі Ахмад Хұсейни дүйсенбі күні: «Бұл үш сатылы жерсерігін тасымалдаушы қазіргі тасымалдаушы зымырандармен техникалық бәсекеге қабілетті және салмағы 220 кг-ға дейін жерсерігін 500 км-ға тасымалдау мүмкіндігі бар. Осы ғарыштық сынақтың маңызды жетістіктерінің бірі 750 тоннадан астам тартым күші бар қозғалтқышқа қол жеткізу және оны шығаруға қолданылған басқа да жаңа технологияларды тексеру болды»,- деді.

 

Тегтер