Иранда 1 млн 223 мыңнан аса адам коронавирустан сауығып шықты
https://itolqyn.com/news/iran-i50130
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі 1 млн 223 мыңнан аса адамның коронавирустан сауығып шыққанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 02, 2021 19:31 Asia/Almaty
  • Иранда 1 млн 223 мыңнан аса адам коронавирустан сауығып шықты

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі 1 млн 223 мыңнан аса адамның коронавирустан сауығып шыққанын хабарлады.

Сима Садат Лари сейсенбі күні: "Өткен 24 сағатта елде 6820 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 660 ауруханаға жатқызылды, қалғандарына амбулаторлық қызмет көрсетілді. Жалпы  COVID-19 індетін жұқтырғандардың саны 1431416 адамға жетті",- деді. Лари сондай-ақ: "Өкінішке қарай, өткен 24 сағатта елде 72 адам COVID-19-дан көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 58110адамға жетті",- деп мәлімдеді.