Коронавирус: Ирандағы жағдай
Ақп 04, 2021 18:13 Asia/Almaty
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі елде коронавирусқа шалдыққандардың соңғы статистикасын жариялады.
Сима Садат Лари бейсенбі күні: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, өткен 24 сағатта елде 7040 адамнан COVID-19 анықталды, олардың 590-ы ауруханаға жатқызылды»,-деді.
Лари Иранда осы күнге дейін 1 445 326 адамның індетке шалдыққанын айтып: «Өткен 24 сағатта 67 адам COVID-19-дан көз жұмды. Елде құрбандар саны 58256 адамға жетті»,-деді.
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі: «Қуанышқа орай, осы күнге дейін Иранда 1 235 581 адам жазылып, ауруханадан шығарылды»,-деді.
Тегтер