Ақп 05, 2021 20:35 Asia/Almaty
  • Бельгия сотының ирандық дипломатқа байланысты шешімі; ойын мұнафықтар жерінде

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз өкілі: "Антверпендегі Бельгия сотының ирандық дипломат Асадолла Асадиді 20 жылға бас бостандығынан айыру шешімі айыпталатын жәйт",- деді.

 

Саид Хатибзаде бейсенбі күні: "Ирандық дипломатты ұстаудың барлық кезеңдері, сот процесі және үкім шығаруы заңсыз болды және халықаралық құқықты, әсіресе 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясын бұзушылық болды және Иран оны мойындамайды»,- деді.

Бельгия 2018 жылғы шілде айында ИИР Президенті Хасан Руханидің Австрияға және Швейцарияға сапарымен тұспа-тұс Асадолла Асади Венадағы Мұнафеқин террористік тобының кездесуін бомбалауға әрекеттенді деген күдікпен   қамауға алынды. Ирандық дипломаттың ұсталғанынан үкім шыққанға дейінгі үдеріс саяси ойынның бар екендігін көрсетеді. Иран Президентінің Еуропаның екі еліне сапары кезінде ирандық дипломатты тұтқындау бұл сапарға әсер ету үшін жүзеге асырылды. Қазіргі уақыттағы Еуропадағы ирандық дипломатқа бұрын-соңды болмаған үкімнің жариялануын АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың дәуірінен кейінгі Иранның имиджіне  әсер ету тұрғысынан бағалауға болады. Мұнафеқин тобы, израильдік лобби және кейбір араб мемлекеттері АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың кезінде Иранның халықаралық беделіне нұқсан келтіру үшін ынтымақтастық жасады және жалған әңгімелермен Иранның дипломатиялық қатынастарына әлемдік аренада ықпал етуге талпынды. Бұл үдерісте мұнафеқин террористік тобы шешуші рөл атқарып, Париждегі бұл топ мүшелерінң жыл сайынғы кездесулерінде  Дональд Трампқа ең жақын адамдардың бірі әрі оның заң тобының жетекшісі Руди Джулиани қатысып,  Иранға қарсы сөз сөйлейтін. Ирандық дипломаттың мұнафеқин тобының кездесуін бомбалауымен айыпталуы туралы тақырып осы террористік топ АҚШ, Израиль режимі, кейбір Еуропа елдері мен араб реакционерлерінің қолдауымен 17000 ирандық азаматтарды өлтірген жағдайда айтылды. Мұнафеқиндер мен израильдіктердің уәждерінше ирандық дипломаттың қамауға алынып, содан кейін  оған 20 жылдық түрме жазасының жариялануы Бельгия мен кейбір Еуропа елдерінің бұл жерде орналасқан Мұнафеқин террористік тобының ықпалына түскенің көрсетеді.  

 

Тегтер