Ислам революциясының жетекшісі: АҚШ барлық санкциялардың күшін жоюы керек
(last modified Sun, 07 Feb 2021 11:40:19 GMT )
Ақп 07, 2021 17:40 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: АҚШ барлық санкциялардың күшін жоюы керек

Ислам революциясының жетекшісі: «АҚШ барлық санкциялардың күшін сөз не қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жойған кезде ғана Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелеріне қайтып оралады»,-деп баса айтты.

Иранның Бүкіл қарулы күштерінің бас қолбасшысы аятолла Хаменеи бүгін, жексенбі ел армиясының әуе-қорғаныс күштері қолбасшыларымен кездесуінде әскери қызметкерлердің (һамаварандар) 1357 жылы 19 бахманда имам Хомейниге (р.) адалдық жариялағанын тарихи маңызы бар күндердің бірі әрі Ислам революциясының жеңіске жетуінің негізгі факторларының бірі және америкалықтардың есептеуде қате жібергенінің белгісі деп атап: «Революцияның қарқынды қозғалысын сақтап қалу үшін Иран халқы саяси сахнада белсендігін сақтап, үздіксіз еңбек етіп, тынбай талпынып, жауапты басшылар арасында ауызбірлік сақталып, илаһи уәдеге сеніммен іс жүзінде ұлттық күш-қуатты арттыру керек»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі, сондай-ақ, АҚШ-та жуырда болған масқара оқиғалар мен Трамп үкіметінің құлауын бұл елдің саяси-әлеуметтік тәртібінің құлдырап, күш-қуаты мен абыройының төмендеуі деп атап, еуропалық және америкалық басшылардың санкциялар мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты сөздеріне тоқталып: «АҚШ пен Еуропа елдерінің шарт қоюға ешқандай қақылары жоқ, өйткені олар өздерінің міндеттемелерін бұзды. Шарт қоятын тарап – ИИР. Өйткені өз міндеттемелеріне берік болды»,-деді.

Аятолла Хаменеи: «АҚШ барлық санкциялардың күшін сөз не қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жойған кезде және олардың жойылғаны Тегеран үкіметі тарапынан расталған кезде ғана Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне қайтып оралады. Бұл – ИИР-ның жауапты басшылары түгел қолдайтын кесімді әрі бұлтартқысыз саясат. Бұдан ешкім аттап өтпейді»,-деп еске салды.

Тегтер