Коронавирус: Ирандағы статистика
Ақп 11, 2021 21:20 Asia/Almaty
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі: «Өткен 24 сағатта 65 адам коронавирустан көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 58751 адамға жетті»,-деді.
Сима Садат Лари бейсенбі күні: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, өткен 24 сағатта елде 7474 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 552-і ауруханаға жатқызылып, басқаларына амбулаторлық қызмет көрсетілді»,-деді.
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі елде COVID-19 жұқтырғандар саны 1 496455 адамға жеткенін айтты.
Әлем елдерінде ресми мәлімет бойынша осы күнге дейін шамамен 108 млн адам COVID-19 жұқтырып, 2 млн 366 мыңнан аса адам көз жұмды.
Тегтер