Иранда коронавирусқа шалдыққандардың жағдайы
https://itolqyn.com/news/iran-i50386
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі: «Өткен 24 сағатта 58 адам коронавирустан көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 58809 адамға жетті»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 12, 2021 22:28 Asia/Almaty
  • Иранда коронавирусқа шалдыққандардың жағдайы

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі: «Өткен 24 сағатта 58 адам коронавирустан көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 58809 адамға жетті»,-деді.

Сима Садат Лари бейсенбі күні: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, өткен 24 сағатта елде 7298 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 557-сі ауруханаға жатқызылып, басқаларына амбулаторлық қызмет көрсетілді. Сөйтіп, осы күнге дейін елде 1 503 753 адам коронавирусқа шалдықты»,-деді.

Сима Садат Лари: «Қуанышқа орай, осы күнге дейін 1 285 014 адам індеттен сауығып, ауруханадан шығарылды»,-деді.

ИИР-ның Ресейдегі елшісі Казем Джалали: «Спутник V» атты ресейлік вакцинаның екінші топтамасы жұма күні арнайы рейспен Теһранға жіберілді»,-деп мәлімдеді.