Зариф еуропалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы туралы ұстанымына реакция білдірді
(last modified Sat, 13 Feb 2021 09:22:40 GMT )
Ақп 13, 2021 15:22 Asia/Almaty
  • Зариф еуропалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы туралы ұстанымына реакция білдірді

Иран Сыртқы істер министрі еуропалықтардың Иран туралы ұстанымын сынады.

 

Зариф Twitter-дегі парақшасында Еуропаның үш елінің «Ортақ қадам» келісімі бойынша өз міндеттемелерін орындамауларына   сілтеме жасап: «Біздің үш еуропалық серіктесіміз «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының 36-бабын және оған байланысты Иранның бірнеше хаттарын оқыды ма?  АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуынан бір жыл өткен  және осы кезге дейін келісімді бұзуды жалғастырып отырған жағдайда, Иран қандай логикамен бұл келісімдегі міндеттемелерін орындауы керек? Еуропаның үш елі өз міндеттерін орындау үшін не істеді?»- деп жазды.

Иранның ядролық келісіміне қол қойған үш еуропалық мемлекет жұма күні ортақ мәлімдеме шығарып, Теһранның «Ортақ қадам» келісіміндегі міндеттемелеріне қатысты айыптарын қайталады.