Зариф: 23 ақпаннан бастап АҚХА-нің бақылауы қысқартылады
Иран Сыртқы істер министрі Иран мен Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА) арасындағы ынтымақтастықтың жалғасатынын қуаттап, 23 ақпаннан бастап АҚХА-нің бақылауының қысқартылатынын мәлімдеді.
Зариф «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты Иран Мәжілісі бекіткен заңның орындалуы туралы: «Парламенттік заңға сәйкес, 23 ақпаннан заңда белгіленген шаралардың бірі, яғни Агенттіктің бақылауын қысқарту іске асырылады. Бірақ бұл АҚХА бақылауын толық тоқтатуды білдірмейді. Осы уақытқа дейін Иран парламенттің мақұлдауынсыз қосымша хаттаманы өз еркімен жүзеге асырып келді, бірақ енді оны тоқтату шешім қабылдады. Иранның қабылдаған шешімі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының 36-шы бабына сәйкес және егел бұл келісімге қол қойған басқа тараптар өз міндеттемелерін орындаса, біз де өз міндеттемелерімізді орындаймыз»,- деді.