«COVIran Barakat» вакцинасы клиникалық сынақтың екінші кезеңінен өтуге дайын
«COVIran Barakat» вакцинасын зерттеуші топ бұл вакцинаның клиникалық сынақтың екінші кезеңінен өтуге дайын екенін хабарлады.
«COVIran Barakat» вакцинасының клиникалық сынағын бақылаушы доктор Мину Махраз: «Екпе аяқталып, нәтижесі шыққаннан кейін келесі аптада вакцинаның әсерін тексеру кезеңі басталуы ықтимал»,-деді.
Имам Хомейнидің (р.) бұйрықтарын орындау штабының коронавирусқа қарсы вакцина өндіру тобының басшысы доктор Хасан Джалили: «Бұл штабта вакцина өндіру үшін 6 платформа дайындалды. «COVIran Barakat» вакцинасынан кейін басқа екі платформаны жануарларға сынау кезеңі аяқталады. Денсаулық сақтау министрлігі растағаннан кейін олар да клиникалық сынақтан өтуге дайын болады»,-деді.
Ирандық ғалымдар мен мамандар соңғы айларда коронавирусқа қарсы отандық вакцина жасап, сынақтан өткізу үшін ауқымды талпыныстар жасады.