Эксперттер кеңесінің мәлімдемесі: Санкцияларды жоймаусыз АҚШ-тың ядролық келісімге қайта оралуы зиянды
(last modified Mon, 22 Feb 2021 14:25:44 GMT )
Ақп 22, 2021 20:25 Asia/Almaty
  • Эксперттер кеңесінің мәлімдемесі: Санкцияларды жоймаусыз АҚШ-тың ядролық келісімге қайта оралуы зиянды

Эксперттер кеңесінің сегізінші ресми жиналысының қорытынды мәлімдемесінде: «Іс жүзінде санкцияларды жоймаусыз АҚШ-тың ядролық келісімге қайта оралуының пайдасы жоқ, тіпті зиянды»,-делінген.

Иран Телерадио бірлестігі  ақпарат агентігінің хабарлауынша, Эксперттер кеңесі сегізінші ресми жиналысының соңында мәлімдеме жасап: «Иран халқының қиыншылықтарға төзіп, табандылық танытуының арқасында қылмыскер АҚШ-тың ИИР жүйесіне қарсы барынша қысымы мен зұлым санкциялары жеңіліс тапты. Әлем халықтары АҚШ-тың тағы бір қисынсыз әрі ақылсыз басшысының тарих қоқысына тасталғанын көрді. Ал ИИР жүйесі халықтың терең қолдауына сүйеніп, әлі де абырой-айбынмен ілгерілеуде»,-деді.

Осы мәлімдемеде: «Әлемдік үстемшілдер АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайтып оралғаны не оралмағанының Иран халқының қарсыласуына әсер етпейтінін білсін. Санкцияларды іс жүзінде жоймай, АҚШ-тың ядролық келісімге қайта оралуы пайдасыз, тіпті зиянды»,-деді.