Эксперттер кеңесінің мәлімдемесі: Санкцияларды жоймаусыз АҚШ-тың ядролық келісімге қайта оралуы зиянды
Эксперттер кеңесінің сегізінші ресми жиналысының қорытынды мәлімдемесінде: «Іс жүзінде санкцияларды жоймаусыз АҚШ-тың ядролық келісімге қайта оралуының пайдасы жоқ, тіпті зиянды»,-делінген.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агентігінің хабарлауынша, Эксперттер кеңесі сегізінші ресми жиналысының соңында мәлімдеме жасап: «Иран халқының қиыншылықтарға төзіп, табандылық танытуының арқасында қылмыскер АҚШ-тың ИИР жүйесіне қарсы барынша қысымы мен зұлым санкциялары жеңіліс тапты. Әлем халықтары АҚШ-тың тағы бір қисынсыз әрі ақылсыз басшысының тарих қоқысына тасталғанын көрді. Ал ИИР жүйесі халықтың терең қолдауына сүйеніп, әлі де абырой-айбынмен ілгерілеуде»,-деді.
Осы мәлімдемеде: «Әлемдік үстемшілдер АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайтып оралғаны не оралмағанының Иран халқының қарсыласуына әсер етпейтінін білсін. Санкцияларды іс жүзінде жоймай, АҚШ-тың ядролық келісімге қайта оралуы пайдасыз, тіпті зиянды»,-деді.