Өткен тәулікте Иранда 89 адам коронавирустан көз жұмды
Ақп 22, 2021 20:45 Asia/Almaty
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі: «Осы уақытқа дейін елде 1582275 адам індет жұқтырды. Өткен 24 сағатта 89 адам коронавирустан көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 59572 адамға жетті»,-деді.
Сима Садат Лари дүйсенбі күні: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, өткен 24 сағатта 8263 адамнан Covid-19 анықталды. Олардың 741-і ауруханаға жатқызылды. Мұны қосқанда, елде індет жұқтырғандар саны 1582275 адамға жетті»,-деді.
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі: «Қуанышқа орай, 1351390 адам індеттен жазылып, ауруханалардан шығарылды»,-деді.
Тегтер