«Саровон» оқиғаларындағы революцияға қарсы және диссиденттік топтардың рөлі анықталды
(last modified Wed, 24 Feb 2021 11:55:52 GMT )
Ақп 24, 2021 17:55 Asia/Almaty

Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан және Белучистан облысы әкімінің қауіпсіздік істері жөніндегі орынбасары: «Революцияға және диссиденттік топтар пайдакүнемдерді пайдаланып, облыстың Саровон шекара аймағында қаскүнемдік жасады»,- деді.

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммадхади Мараши сейсенбі күні Саровон шекара аймағы  оқиғаларындағы  революцияға қарсы және диссиденттік топтардың қатысты болуы туралы сөзінде кейбір пайдакүнемдердің Саровон қаласының әкімшілігіне шабуыл жасағанын айыптап, заңсыздыққа қарсы іс-қимыл жасалатынын қуаттады. Марашидің айтуынша, Пәкістанмен шекаралас аймақта жанармай құю цистерналары жиналған жерде пәкістандық сарбаздар оқ атып, қақтығыс күшейіп, халық шекараны бұзып, Иран жеріне өтті. Шекараның пәкістандық тарапынан атылған оқтың салдарынан екі адам өлді және бірнеше адам жарақат алды.