Коронавирус: Ирандағы жағдай
Ақп 26, 2021 20:38 Asia/Almaty
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі: «Осы уақытқа дейін елде 1 615 184 адам індет жұқтырды. Өткен 24 сағатта 69 адам коронавирустан көз жұмды. Жалпы құрбандар саны 59899 адамға жетті»,- деп мәлімдеді.
Сима Садат Лари жұма күні: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, өткен 24 сағатта 8103 адамнан Covid-19 анықталды. Мұны қосқанда, елде індет жұқтырғандар саны 1 615 184 адамға жетті»,- деді. Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі: «Қуанышқа орай, 1 379 922 адам індеттен жазылып, ауруханалардан шығарылды»,- деді.
Тегтер