Зулнури: Таулы Қарабаққа такфирлік ағымның енуі Иран мен Әзірбайжан үшін қауіпті
(last modified Tue, 02 Mar 2021 11:33:57 GMT )
Нау 02, 2021 17:33 Asia/Almaty
  • Зулнури: Таулы Қарабаққа такфирлік ағымның енуі Иран мен Әзірбайжан үшін қауіпті

Иран Ислам кеңесі мәжілісі Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының басшысы: «Иран мен Әзірбайжан Республикасына қатысты үлкен қауіптің бірі - такфирлік және террористік ағымдардың аймақтағы әсері»,- деді.

 

 

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Моджтаба Зулнури дүйсенбі күні Құм қаласында «Қарабах 17 Раби» халықаралық конференциясында: «Такфирлік лаңкестер Таулы Қарабақ аймағында орналаспауы керек.   Әрине Иран мен Әзірбайжанның қырағылығы және екі елдің  басшыларының бұл мәселеге назар аударуы мұндай жойқын қауіптің алдын алады»,- деп мәлімдеді. Зулнури Ислам республикасының қайта құру кезеңді бастауға және аймақты соғыс салдарынан келген залалдан тазартуға дайын екеніне тоқталып: «Бүгінде Қарабақ исламдық жерінің құшағына оралды, бірақ қауіпті жағдайларға тап болуда, оның бірі - аймақта сионистік режимнің болуы»,- деді.