Коронавирус: Ирандағы жағдай
Нау 06, 2021 21:06 Asia/Almaty
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі коронавирустың салдарынан 82 адамның көз жұмғанын хабарлады.
Iran Press жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, Сима Садат Лари: «Өткен 24 сағатта коронавирустың салдарынан 82 адамның көз жұмды»,- деді. Сима Садат Лари: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес, өткен 24 сағатта елде 8212 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 527-сі ауруханаға жатқызылды. Сөйтіп, осы күнге дейін елде 1 681 682 адам коронавирусқа шалдықты және құрбан болғандардың саны 60594 адамға жетті. Қуанышқа орай, осы күнге дейін 1 435 357 адам індеттен сауығып, ауруханадан шығарылды»,- деп мәлімдеді.
Тегтер