Генерал-майор Салами: Басидждік оймен әлемдік технологияның алғы шебінен орын аламыз
https://itolqyn.com/news/iran-i50920-Генерал_майор_Салами_Басидждік_оймен_әлемдік_технологияның_алғы_шебінен_орын_аламыз
Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: "Иран басидждік ой мен жастардың талпынысының арқасында әлемдік технологияның алғы шебінен орын алады",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 07, 2021 18:15 Asia/Almaty

Сақшылар корпусының бас қолбасшысы: "Иран басидждік ой мен жастардың талпынысының арқасында әлемдік технологияның алғы шебінен орын алады",-деді.

Генерал-майор Салами жексенбі күні Теһранда АҚШ-тың бұрынғы елшілігі ғимаратында өткен іргелі ғылымға негізделген технологиялық компаниялардың "Сорайяға дейін" атты алғашқы көрмесін тамашалау барысында сөйлеген сөзінде: "Ғылым мен технология саласында әлем елдерімен бәсекелестіктің алдыңғы шебіне шығуға бел буып отырмыз. Осы көрмеде ғылымның түрлі салаларындағы дамыған технологиялар мен қолданбалы құралдар жұрт назарына ұсынылды",-деді.