Хатибзаде: Иран мен АҚШ-тың мәселесі белгі беру емес
Нау 09, 2021 01:07 Asia/Almaty
ИИР СІМ ақпарат хатшысы Иран мен АҚШ мәселесінің белгі беру емес екенін айтты.
Саид Хатибзаде дүйсенбі күні апталық баспасөз отырысында Iran Press тілшісінің «Француз дипломатының Иран тарапынан АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайтып оралуына қатысты оң жолдау жіберілгенін айтқаны» туралы сұрағына жауап беріп: «Шын мәнінде Иран мен АҚШ мәселесі – Вашингтон үкіметінің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарын әсерлі түрде орындауы және санкцияларды толық жоюы»,-деді.
Хатибзаде әлем католиктерінің жетекшісі Рим папасы Францисктің Иракқа сапары туралы: «Бұл сапар өте жақсы әрі сындарлы болды. Мұндай сапарлар Иракта қауіпсіздік пен тыныштық қайта орнағанын көрсетеді»,-деді.
Тегтер