Монесан: Иранның аймақтық туризмдегі үлесі 50 пайыздан асты
(last modified Tue, 09 Mar 2021 11:52:43 GMT )
Нау 09, 2021 17:52 Asia/Almaty

Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм министрі халықаралық туризмнің 70 пайыздан астамын аймақтық туризм құрайтындығына тоқталып: «Иранның аймақтық туризмдегі үлесі 50 пайыздан асады»,- деді.

Иранның Мәдени мұра, қолөнер және туризм министрі Али Асғар Монесан, сейсенбіде Iran Press агенттігіне берген сұхбатында: «Иранға келетін туристердің 50 пайыздан астамы Ирак пен Әзірбайжаннан келеді.  Иран келетін туристердің көбі көрші елдер туристері құрайды, олар зиярат және ем үшін  келеді»,- деп сөзін жалғады.