Зариф: Тек Иран ғана «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына тұрақты болды
Нау 10, 2021 16:07 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф еуропалық үш мемлекет пен АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамағандарына тоқталып, бұл келісімге тек Иранның тұрақты болғанын мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иран Сыртқы істер министрі сейсенбіде өзінің Twitter-дегі парақшасында: «АҚШ пен Еуропаның үш елі өздерін көрсетудің орнына міндеттемелерін орындауы керек. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы «алтылық» тобының мүшелерімен (олардың ішіне АҚШ пен Иран енген) қол қойылған келісім»,- деп жазды.
Тегтер