Иранда коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинаның клиникалық сынағының екінші фазасы басталды
Нау 15, 2021 13:55 Asia/Almaty
Иранның «COVIran Barakat» деп аталатын коронавирусқа қарсы алғашқы вакцинасының клиникалық сынағының екінші және үшінші фазасы басталды.
Бүгін, дүйсенбі Иран Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық ақлақ комитеті және Азық-түлік пен дәрі-дәрмек ұйымының рұқсатымен коронавирусқа қарсы алғашқы ирандық вакцинаның клиникалық сынағының екінші және үшінші фазасы екі еріктіге екпе салумен басталды.
Екінші фаза 2021 жылы 21 мамырда аяқталады деп жоспарлануда.
Ирандық мамандардың коронавирусқа қарсы жасаған «COVIran Barakat» атты вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің алғашқы кезеңі 2020 жылы 29 желтоқсанда 3 адамға екпе салумен басталды.
Тегтер