Иранның күш-қуаты көршілес және ислам елдеріне қарсы бағытталмаған
https://itolqyn.com/news/iran-i5125-Иранның_күш_қуаты_көршілес_және_ислам_елдеріне_қарсы_бағытталмаған
Иран Ислам Республикасының президенті: «Иранның күші көршілес және әлемнің ислам елдеріне қарсы бағытталмаған» деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 17, 2016 17:22 Asia/Almaty
  • Иранның күш-қуаты көршілес және ислам елдеріне қарсы бағытталмаған

Иран Ислам Республикасының президенті: «Иранның күші көршілес және әлемнің ислам елдеріне қарсы бағытталмаған» деді.

Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани жексенбі күні Қарулы күштер күні рәсімдері: «Иран Ислам Республикасының Қарулы күштері имам Хомейнидің бұйрығы мен өсиеті бойынша және Қарулы күштердің бас қолбасшысының шарасы негізінде Исламның Қарулы күштері исламдық жүйенің және бүкіл Иран ұлтының күштері болып табылады.

Бүгінде Иран халқы діни және исламдық мақсаттарға ие, елінің мүддесін ойлайтын, сондай-ақ, Иранның географиялық, саяси және мәдени шекарасын, халқының иманы мен сенімдерін қорғайтын мықты әрі қуатты әскерін мақтан тұтады.

Иран Ислам Республикасының күш-қуаты қорғаныстық сипатқа ие. Алайда қауіп-қатерге қарсы өзі сес көрсетіп, шабуыл жасаушыларға қарсы тойтарыс бермек.

Бүлікшілер Иран қарулы күштерінің күш-құдіреті Исламдық Иранды қорғауға бағытталғанын білсін» деп қуаттады.

Бүгін, жексенбі 17 сәуір - Иран Ислам Республикасы Қарулы күштерінің күні.