Коронавирус: Ирандағы жағдай
https://itolqyn.com/news/iran-i51280
Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі Иранда коронавирустың салдарынан 80 адамның өлгенін хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 22, 2021 17:06 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі Иранда коронавирустың салдарынан 80 адамның өлгенін хабарлады.

Iran Press жаңалықтар агенттігінің хабарлауынша, Сима Садат Лари дүйсенбі күні: «Өткен 24 сағатта коронавирустың салдарынан 80 адам көз жұмды, сондай-ақ тағы 7357 адамнан COVID-19 анықталды. Жалпы Иранда COVID-19 жұқтырған адамдардың саны 1 808 422 адамға жетті. Осы күнге дейін құрбан болғандардың саны 61877  адамға жетті және 1 549 649 адам жазылып, ауруханалардан шықты»,- деді.