Ислам революциясы жетекшісі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы туралы: Иран асықпайды
Ислам революциясы жетекшісі: «АҚШ барлық санкцияларды алып тастауы керек, содан соң Иран тексереді. Егер санкциялар шынымен алынып тасталса, Иран еш мәселесіз «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттеріне оралады»,- деп қуаттады.
Аятолла Хаменеи Жаңа жылдың бірінші күнінде сөілеген сөзінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы туралы: «Америкалықтардың сөзіне сенуге болмайды. Олар санкцияларды қағаз жүзінде емес, іс жүзінде алып тастаулары керек және Ислам республикасы оны тексереді»,- деді. Ислам революциясы жетекшісі кейбір америкалықтардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойылған жылға қарағанда жағдай өзгерді, сондықтан келісім де өзгеруі керек деп санайтындарына сілтеме жасап: «Әрине, жағдай АҚШ-тың зиянына қарай өзгерді. Егер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына өзгеріс енгізілетін болса, Иранның мүддесіне өзгеруі керек»,- деп мәлімдеді. Джо Байденнің Ақ үй келуінен екі ай өткен жағдайда АҚШ Иранға қарсы осыған дейінгі төрт жылдық, яғни Дональд Трамптың Ислам республикасына мейілінше қысым көрсету арқылы келіссөздер жүргізуге мәжбүрлеу және «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына жаңа тақырыптарды қосу саясатты жалғастыруда. Байденнің сыртқы саясат тобының жақындағы ұстанымы американдықтардың қысым мен дипломатия арқылы Ираннан жаңа жеңілдіктер алуды және «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына жаңа мәселелер қосуды көзейтінін көрсетеді. Барынша қысым жасау саясатының сәтсіздікке ұшырауына әкеліп соқтырған Трамптың Иранға қарсы саясатының 4 жылдық тәжірибесі Байден үкіметінің көз алдында және бұл саясатты ұстануды жалғастыру Иранды бағынуға мәжбүр етпейді. Ислам революциясы жетекшісі өз сөзінде барынша қысым көрсету саясаттың сәтсіздікке ұшырағанын және егер АҚШ-тың жаңа үкіметі бұл саясатты жалғастыратын болса, сәтсіздікке ұшырайтынын, сондай-ақ Иранның одан сайын күшейетінін қуаттады.
Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы туралы ұстанымы анық жарияланды. Егер ол қабыл болса, жағдай өзгереді. Бірақ егер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының басқа тараптар, әсіресе АҚШ қабылдамаса, қазіргі жағдай жалғасады. Иран санкциялардың күші жойылып, АҚШ-ты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қайтаруға асығыс емес.АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығып, Еуропа мен келісімнің басқа тараптары Иранның экономикалық мүддесін қамтамасыз ете алмағаннан кейін, Иран бұл келісімдегі өз міндеттемелерін қысқартуды бастады және бүгін уранды 20 пайызға байытуда. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы қазіргі жағдай Иранның табандылығы мен күш-қуатын, АҚХА-нің бақылауында өзінің бейбіт мақсатты ядролық жұмыстарын алға ілгерлететінін, сондай-ақ Иранның асықпайтынын және тек өз мүддесі туралы ойлатынын көрсетеді.