Коронавирус: Ирандағы жағдай
Нау 24, 2021 19:03 Asia/Almaty
Иранның Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі елде коронавирустың салдарынан 94 адамның өлгенін хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сима Садат Лари сәрсенбі күні: «Иранда осы күнге дейін COVID-19 жұқтырған адамдардың саны 1 823 317 адамға жетті. Өткен 24 сағатта 94 адамның көз жұмуымен қайтыс болғандардың саны 62045 адамға жетті. Сондай-ақ өткен тәулікте елде тағы 7605адамнан COVID-19 анықталып, олардың 936 ауруханаларға жатқызылды»,- деді.
Тегтер