Салехи: Иран мен Еуропаның ядролық ынтымақтастығы Форду нысанынан бастала алады
Иран президентінің орынбасары әрі Иран Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Иран мен Еуропаның ядролық ынтымақтастығының Форду нысанынан бастала алатынын айтты.
Иран студенттерінің ақпарат аагенттігі ИСНА- ның хабарлауынша, Иран президентінің орынбасары әрі Иран Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Әли Акбар Салехи жексенбі күні Теһранда Еуропа Одағының энергия және климаттық шаралар комиссионерімен кездесуден кейін тілшілерге берген сұхбатта: «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасының үшінші тарауы бойынша Иранның қарсы тараптағы елдермен ядро саласында ғылыми және зерттеу ынтымақтастықтары байқалды. «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасынан кейін Иран мен кейбір еуропалық елдер арасында түрлі сұхбаттар мен қарым- қатынастар жасалды. Иран мен Еуропалық Одақ делегациясы келіссөздерінің нәтижесі ақпараттық мәлімдеме қалпында жарияланады» деді.