Ислам революциясының жетекшісі сотталғандардың бірқатарына кешірім жасауға немесе жазасын жеңілдетуге келісім берді
Нау 29, 2021 14:21 Asia/Almaty
Ислам революциясының жетекшісі хазірет Мәһдидің (ғ.) туған күні мен 12 фарвардин Иран Ислам Республикасының құрылған күніне орай Иранның қоғамдық, революциялық және Қарулы күштердің сот ұйымдарында сотталғандардан 1849 адамға кешірім жасау немесе олардың жазаларын жеңілдетуге келісім берді.
Шағбан түніне орай кешірілгендер тізіміне қауіпсіздік мәселесі бойынша сотталған 100 адам енгізілді, олардың ішінде 1398 жылы абан айында болған оқиғаларға қатысты деп айыпталған бірқатар адам да бар.
Соңғы екі жылдағы кешірілгендер тізімінің ерекшелігі оған қауіпсіздік мәселесі бойынша сотталғандардың енгізілуі болып отыр.
Тегтер