Коронавирус: Ирандағы жағдай
Нау 29, 2021 17:41 Asia/Almaty
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі: «Өткен 24 сағатта коронавирустан қайтыс болған 81 адамды қосқанда елде осы індеттен көз жұмғандар саны 62478 адамға жетті»,-деді.
Сима Садат Лари дүйсенбі күні: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес өткен тәулікте елде тағы 9310 адамнан COVID-19 анықталды. Індетке шалдыққандардың жалпы саны 1 864 984 адамға жетті. Осы күнге дейін 1 600 488 науқас жазылып, ауруханалардан шығарылды»,-деді.
Соңғы статистика бойынша әлемде осы күнге дейін 127 млн адам коронавирусқа шалдығып, соның салдарынан 2 797 000 адам көз жұмды.
Тегтер