Өткен тәулікте Иранда 96 адам коронавирустан көз жұмды
https://itolqyn.com/news/iran-i51504
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі: «Өткен 24 сағатта коронавирустан қайтыс болған 96 адамды қосқанда елде осы індеттен көз жұмғандар саны 62665 адамға жетті»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 31, 2021 16:46 Asia/Almaty
  • Өткен тәулікте Иранда 96 адам коронавирустан көз жұмды

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі: «Өткен 24 сағатта коронавирустан қайтыс болған 96 адамды қосқанда елде осы індеттен көз жұмғандар саны 62665 адамға жетті»,-деді.

Сима Садат Лари: «Өткен тәулікте елде тағы 10330 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 1288-і ауруханаларға жатқызылды. Індетке шалдыққандардың жалпы саны 1 885 564 адамға жетті. Осы күнге дейін 1 617 333 науқас жазылып, ауруханалардан шығарылды»,-деді.  

Соңғы статистика бойынша әлемде осы күнге дейін 128 млн-нан аса адам коронавирусқа шалдығып, соның салдарынан 2 818 000 адам көз жұмды.