Иранның мұнай химия өндірісі 25 миллион тоннаға артты
Сәу 02, 2021 12:29 Asia/Almaty
Иранның Мұнай министрі өткен жылда елде мұнай химия өндірісінің 25 миллион тоннаға артқанын хабарлады.
Бижан Намдар Зангане OPEC Plus ұйымына мүше елдердің Мұнай және энергетика министрлерінің 15-ші отырысының соңында Иранның OPEC‑тегі және одан тыс міндеттемелерін жақсы атқарғанына тоқталып: «Кейбір елдер өз міндеттемелерін орындамады. Бұған басқа мүше елдер наразылық білдірді. Оларға өз міндеттемелерін толық орындау үшін ағымдағы жылдың кыркүйек айына дейін мұрсат беріледі»,‑деді.
Иранның Мұнай министрі: «2020 жылы әлемнің мұнайға деген сұранысы 2019 жылмен салыстырғанда 609 млн баррельге азырақ болғанын айтып, 2019 жылғы сұраныс деңгейіне әлі жеткен жоқпыз»,‑деді.
Тегтер