Иранда бір тәулікте коронавирустан 117 адам көз жұмды
Сәу 02, 2021 16:18 Asia/Almaty
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі: «Өткен 24 сағатта коронавирустан қайтыс болған 117 адамды қосқанда елде осы індеттен көз жұмғандар саны 62876 адамға жетті»,-деді.
Сима Садат Лари жұма күні: «Нақты диагостикалық көрсеткіштерге сәйкес, өткен тәулікте елде тағы 11660 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 1130-ы ауруханаларға жатқызылды. Індетке шалдыққандардың жалпы саны 1908974 адамға жетті»,-деді.
Соңғы статистика бойынша әлемде осы күнге дейін 130 млн-нан аса адам коронавирус жұқтырып, соның салдарынан 2 842 000 адам көз жұмды.
Тегтер