Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының біріккен комиссиясының мәлімдемесіне реакция білдірді
«ИИР АҚШ-тың санкцияларын бірте-бірте алып тастауға негізделген ешбір жобаны қабылдамайды».
Бұл ұстаным Ислам республикасы тарапынан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының біріккен комиссиясының мәлімдемесіне білдірген реакциясы болды. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының біріккен комиссиясының 18-ші отырысы жұма күні, 2 сәуірде Еуроодақтың сыртқы іс-қимыл қызметі бас хатшысының Джозепп Боррельдің тарапынан оның орынбасары Энрик Мордың төрағалығы және Қытай, Франция, Германия, Ресей, Британиы және Иранның өкілдерінің қатысуымен Сыртқы істер министрлер орынбасарлары деңгейінде өтті. Бұл отырыстың соңында мәлімдеме жасалып, оның мүшелерінің АҚШ-тың Иранның ядролық келісіміне толықтай оралуы туралы мәселені талқыға салуға дайын екендігі қуатталды. Жоғары дәрежелі дереккөз бұл туралы Ислам революциясы жетекшісінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты 2021 жылғы 8 қаңтардағы сөйлеген сөзіндегі қуаттауларға тоқталып: «ИИР өз міндеттемелеріне АҚШ-тың барлық санкциялары алынып, тексерілгеннен кейін ғана оралады»,- деді.
Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының біріккен комиссиясының мәлімдемесіне білдірген реакция екі негізгі мәселеге назар аудартты. Біріншіден, келісімді АҚШ бұзған жағдайда, Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы құқығын қалпына келтіруге баса назар аударылды. Себебі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы - Қауіпсіздік Кеңесінің қарарымен ратификацияланған және кепілдендірілген көпжақты халықаралық келісім. Екіншіден, Иран қазіргі тығырықтан шығудың қисынды шешіміне баса назар аударады. Иран атом қуаты ұйымының басшысы Әлиакбар Салехи жұма күні кешке «Club House» әлеуметтік желісіне берген сұхбатында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының тұйыққа тірелуінің сәтсіздікке ұшырауына тоқталып: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы туралы пікірталас тақырыбының техникалық кезеңге еніп, алғашқы қақтығыстардан өтуі тығырықтан шығу дегенді білдіреді. Алайда «АҚШ сәтсіздікке ұшыраған санкциялар мен мейілінше қысым көрсету саясатынан аулақ болуға дайын ба?» деген сұрақ туындайды.