Коронавирус: Иранда 161 адам көз жұмды
https://itolqyn.com/news/iran-i51600
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі өткен 24 сағатта коронавирустан 161 адамның көз жұмғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 04, 2021 16:30 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Иранда 161 адам көз жұмды

Иран Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат өкілі өткен 24 сағатта коронавирустан 161 адамның көз жұмғанын хабарлады.

Сима Садат Лари жұма күні: «Елде осы індеттен көз жұмғандар саны 63160 адамға жетті Нақты диагостикалық көрсеткіштерге сәйкес, өткен тәулікте елде тағы 11680 адамнан COVID-19 анықталды. Олардың 1572-і ауруханаларға жатқызылды. Осы күнге дейін індетке шалдыққандардың жалпы саны 1 932 074 адамға жетті»,-деді.